Берік Имашев: РФ-ның сайлауда онлайн марафон ұйымдастыру тәжірибесі қызықты болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Ресей Федерациясы Президентінің сайлауындағы ТМД байқаушылары миссиясының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ОСК-ге сілтеме жасап.

Баспасөз мәслихаты РФ Орталық сайлау комиссиясының Ақпарат орталығында өтті.

Байқаушылар миссиясының басшысы, ТМД Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Виктор Гуминский 18 наурызда болған Ресей Президентінің сайлауы таза, ашық, заңды өткенін мойындап, мәлімдеді.

ҚР ОСК төрағасы Б.Имашев ТМД байқаушылары миссиясының құрамында 136 қазақстандық байқаушы Ресей Федерациясының 23 субъектісінде сайлауды байқауға қатысып, ТМД байқаушылары миссиясы баға бергенде пікірлері ескерілгенін мәлімдеді.
null 

 «Ресейлік сайлаушылар электораттық, құқықтық және саяси мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетті. Біз РФ ОСК тарапынан сайлау рәсімдерін кәсіби ұйымдастырудың, барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының іс-әрекетін анық үйлестірудің, орталық және жергілікті басқару ұйымдарының, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен нәтижелі өзара әрекеттестіктің куәгері болдық. Біз үшін «Сайлау түні-2018» онлайн марафонын ұйымдастыру мен өткізу тәжірибесі қызықты болды», - деді  Б. Имашев.

Айта кетерлігі, ТМД байқаушылары миссиясының мәлімдемесі он күннен соң жарияланады.              

Фото: election.gov.kz

Соңғы жаңалықтар