Берік Арын қызметінен босатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Берік Арын басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Египет, Марокко, Алжир және Тунистегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Сақбайұлы Арын басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі, Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар