Бердімұхамедов Түркіменстан президенті сайлауында жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Түркіменстанның қазіргі басшысы  Гурбангулы Бердімұхамедов үшінші рет республика президенті болып қайта сайланды, ол 97,69% дауыс жинады, деп мәлімдеді дүйсенбі күні Түркіменстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Бұған дейін сайлаулар мен референдумдар өткізу жөніндегі Орталық комиссия жексенбі күні өткен сайлауға халықтың 97,27% қатысқанын хабарлады.

Бердімұхамедовтан бөлек, президент лауазымына тағы сегіз үміткер таласты. 

Соңғы жаңалықтар