Бердібек Сапарбаев өңірде бизнесті дамыту жұмыстары әлсіз екенін айтты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының бюджетіне биылғы жылдың 2 айында 21,1 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10,4% көп. Өңірде өнеркәсіп өнімі 103,1% болған. Өсім мұнай, газ, натрий биохроматы мен ферроқосындылар есебінен қамтамасыз етіліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бюджет қаржысының жай-күйі облыс әкімдігінің мәжілісінде талқыланды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жетекшісінің орынбасары Адиля Қайрмекова қайта өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,1% өсіп, 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 82,8 млрд теңгені құрағандығын айтты. Ақтөбе мен аудандарда енгізілген тұрғын үйлердің көлемі 14% өсіп, ауыл шаруашылығындағы өндіріс өсімі 4,4% құрады.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметтері бойынша Ақтөбе облысы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша, жақсы дамып келеді. Алайда, Ойыл, Мұғалжар, Шалқар және Алға аудандарында инвестиция тарту көрсеткіштері ақсап тұр. Ойыл ауданында сонымен қатар өнеркәсіп өндірісі 26,6% төмендеп кеткен, ал Байғанин ауданында тұрғын үй құрылысы талапқа сай емес.

Осыған байланысты өңір басшысы мемлекеттік органдарға, аудандар мен Ақтөбе қаласының басшылығына көрсеткіштерді дұрыстауда тапсырды.

«Көрсеткіштерді дұрыстау үшін барлық қажетті мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Мемлекет басшысының тапсырмалары негізінде біз 2018 жылы экономика өсімін 5% ұлғайтуға міндеттеме алдық. Алдыға қойған мақсатқа жету үшін облыстың әлеуметтік-экономикалық өсім көрсеткіштерін жыл басынан қолға алу керек»,-деді Б.Сапарбаев.

Бұған қоса өңір басшысы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың әлсіздігін айтты. Жыл басынан бері 16 жобаға қолдау білдірілген. Әкім қалыптасқан жағдайды оңалтып, азық-түлік тауарларына, дәрі-дәрмектерге деген бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жұмыссыздықпен күресті ширату жөнінде тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар