Бердібек Сапарбаев Астанада ақтөбелік студенттермен жүздеспекші

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат-Астанадағы Ақтөбе облысының күндері аясында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ақтөбелік студенттермен кездеседі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов мәлім етті.

Айта кетейік, елордада «Қуатты өңір, қуатты Қазақстан» акциясы аясында өңірлер күні жалғасуда. Осыған орай, 1-2 қазан күндері Астана тұрғындары мен қонақтары Ақтөбе облысының жетістіктерімен таныса алады.

Облыс әкімінің орынбасары Асқар Шерияздановтың айтуынша, ақтөбеліктердің астаналықтарға ұсынатын рухани-мәдени тартуы көп.   «1 қазанда астаналықтар Жастар театрында «Есігімді қаққан кім?», «Беу, қыздар-ай» спектакльдерін тамашалай алады. Біз тек бір ғана Жастар театрымен шектелмей, елорданың 5 мектеп, 5 балабақшасында және мүгедектер мен Қарттар үйіне де барып, қойылымды ұсынғалы отырмыз. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Астанада Еуразия Ұлттық университетінде оқитын ақтөбелік 600-ге жуық студентпен кездесу өткізбекші. Бұдан бөлек, облысымыздан шыққан Астанадағы зиялы қауым өкілдерімен, ақын-жазушылармен жолығады» деді әкімнің орынбасары.

Айта кетейік, әкімнің орынбасары өңірде мемлекеттің қолдауымен кәсіпкерлердің шағын жұмыс орындарын ашуға, сонымен қатар жедел жәрдем станциясы мен тарихи-өлкетану мұражайының құрылысы салынып, келер жылы пайдалануға берілетінін жеткізді.
Баспасөз мәслихатында әкімнің орынбасары «Ақтөбе» дәне «Астана» футбол, волейбол жастар командаларының арасында кездесу өтетінін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар