Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -26 °С
Алматы: -11 °С
USD 324.27 EUR 398.27
RUB 5.73 CNY 50.68
Жаңалықтар

«Бензин емес, су құяды» дегендерге «Гелиос» компаниясы жауап берді

2017 жылғы 7 желтоқсан 15:58 2556
Поделиться:
«Бензин емес, су құяды» дегендерге «Гелиос» компаниясы жауап берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Гелиос» компаниясы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбедегі газ құю станциялары арнайы құжаты жоқ көліктерге қызмет көрсетпейді

Бейнекадрда «Гелиос» жанармай құю стансасының қызметкері шлангты ыстық сумен жібітіп жатқан сәті түсірілген.  Ролик авторы «бензин орнына су құяды» деген тұжырым жасап, «pod_nebom_ukg» паблигіне жариялап жіберген. 

Оқиға Өскеменде түсірілген. Компания өкілдері аты шулы видеоға қатысты түсініктеме берді.

Уважаемые автолюбители! Согласно показаниям метеослужб, в ночь с 28 на 29 ноября температура воздуха в Усть-Каменогорск составляла - 16.5 градусов по Цельсию, что существенно ниже температуры застывания летнего дизельного топлива. Показания застывания летнего дизельного топлива указана в паспорте нефтепродукта и составляет -10 градусов по Цельсию. Сотрудник АЗС осуществлял меры по размораживанию дизельного топлива, путем внешнего воздействия горячей водой на раздаточный шланг колонки, что не противоречит нормам безопасности. Заявления автора ролика «На Гелиосе бензин не бензин, а вода» является ошибочным, поскольку дизельное топливо, в отличие от бензина действительно замерзает и поэтому подразделяется на «летнее дизельное топливо» и «зимнее дизельное топливо» Летнее дизельное топливо реализуется в зимнее время клиентам, машины которых оборудованы системой подогрева топлива, а так же клиентам, которые используют антигель. От лица администрации паблика «pod_nebom_ukg» приносим свои извинения компании Гелиос и ее сотрудникам за распространение недостоверной информации, повлекшей общественный резонанс и порочащей деловую репутацию компании Гелиос.

A post shared by Усть-Каменогорск❤ (@pod_nebom_ukg) on Dec 6, 2017 at 11:48pm PST

«Метеоқызметтердің көрсеткішіне сәйкес қарашаның 28-29-ына қараған түні Өскеменде ауа температурасы минус 16,5 градус болған. Бұл температурада жазғы дизель отыны қатып қалады. Негізі бұл мұнай өнімінің қату көрсеткіші  паспорт бойынша минус 10 градус. ЖЖС қызметкерлері шлангты ыстық сумен жұмсарту арқылы колоннадағы дизель отынын жібітпек болған. Бұл қауіпсіздік нормасына қайшы келмейді. «Гелиос бензин емес, су құяды» деген тұжырым жаңсақ айтылған. Себебі, дизель отыны қатады, сондықтан ол қысқы, жазғы деп бөлінеді», - деді компаниядан.

Сондай-ақ, компания өкілдерінің айтуынша, жазғы дизель отыны көлігі жылыту жүйесімен жабдықталған клиенттерге қыста да сатыла береді.

Сонымен қатар, «Гелиос» компаниясының әкімшілігі басқа клиенттің бакта мұз қатқаны жайлы видеосын тексеріп жатыр.

«Бұл бойынша тексеру жүріп жатыр. Алайда, бұл видеода да ол адамның біздің жанармай стансасына жанармай құйғанын растайтын чегі жоқ, құр сөз. Видеода тек бак көрсетілген», -  деді компаниядан.


Басты сөздер: Қоғам, Интернет, Алматы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат