БЕЛТА-ның 100 жылдығына арналған маркалар шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Минскіде Беларусь телеграф агенттігінің 100 жылдық мерейтойына арналған пошта маркалары шығарылды, деп хабарлайды БЕЛТА.

Беларусьтің Байланыс және ақпараттандыру министрлігі бүгін айналымға «100 гадоў Беларускаму тэлеграфнаму агенцтву» пошта блогын шығарады. Блок А.Т. Непогодин атындағы Бобруй типографиясында басылды.

Жоба Беларусь телеграф агенттігі ынтымақтастықта әзірленген. Блок және арнаулы штемпельдің негізіне БЕЛТА-ның 100 жылдығына арналған логотиптер алынған. Тиражы - 12 мың дана.

БЕЛТА - елдегі ең ірі ақпарат агенттігі. Ол 1918 жылғы 23 желтоқсанда құрылған. Заң жағынан дербестігін сақтай отырып, ұзақ уақыт Кеңес Одағының Телеграф агенттігімен (ТАСС) үйлесімді жұмыс істеген.

1991 жылдан бастап БЕЛТА егемен Беларусь Республикасының ақпарат агенттігі. Оның интернеттегі сайты беларусь тілімен қатар орыс, ағылшын, неміс, испан және қытай тілдерінде хабар таратады. 

null 

Соңғы жаңалықтар