Белгілі журналист Моисей Гольдберг өмірден озды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі журналист Моисей Гольдберг өмірден озды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Бас редакторлар клубының атқарушы директоры Әсем Есілбаеваға сілтеме жасап.

«Моисей Миxайлович ауыр дертпен күресіп келді, ота жасалғаннан кейін емін қабылдап жүрген еді... Кеше оның дәм-тұзы таусылды... иманды болсын!» - деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасында.

Моисей Гольдберг 1926 жылғы 12 сәуірде Украин Кеңестік социалистік республикасы  Запорожье облысының Мелитополь қаласында туған.

15 жасында Қазақстанға, Павлодар қаласына эвакуацияланған. 1943 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1944 жылы Украинаны азат ету шайқастарында ауыр жараланды. Демобилизациядан кейін Павлодарға оралып, облыстық газетте, кейін көп жылдар Ақмола облысы бойынша ТАСС агенттігінің тілшісі болып қызмет етті.

Кейін 15 жыл бойы Целиноград радиосының бас редакторы лауазымын атқарды.

Соңғы жаңалықтар