Белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев қызылордалық жастармен жүздесті

None
None
Белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев Жаңақорған ауданында шығармашылық сапармен болды. «Жаңақорған әуендері» республикалық жабық байқауына жетекшілік еткен композитор Бесарық ауылында жастармен жүздесті, деп хабарлады «Қазақстан-Қызылорда» арнасы.

«Жаңақорған әуендері» республикалық жабық байқауы тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Жалпы конкурсқа 30-дан астап композитордың Жаңақорған туралы әндері түскен. Белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев бастаған қазылар алқасы әндерді сараптап, үздіктерін анықтау үстінде.

«Негізінен әндерді жинақ етіп шығару жоспарлануда» дейді ұйымдастырушылар.

Мазмұнды шарада өнер майталманының әндерін сүйіп тыңдайтын жұртшылықтың қарасы қалың болды. Олар композиторға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.

Айта кету керек, Кеңес Дүйсекеевтің жетекшілігімен «Тамаша», «Халық - талант қайнары», «Шабыт» секілді теледидарлық бағдарламалар да дүниеге келді. Сонымен қатар талант иесі симфония, кантата, мюзикл, оперетталар жазып, камералық оркестрге шығармалар дайындаған санаулы композиторлардың қатарында, деп хабарлайды e-kyzylorda.gov.kz.

Соңғы жаңалықтар