Белгілі абайтанушы Төкен Ибрагимов өмірден озды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде белгілі Абайтанушы Төкен Ибрагимов бақилық болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Белгілі жазушы, сыншы, әдебиет пен өнер зерттеушісі Төкен Ибрагимовтың қайтыс болғанын өзі 34 жыл басқарған Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің ұжымы растады. Абайтанушы 78 жасында өмірден озды.

Төкен Смайылұлы Ибрагимов  бұрынғы Семей облысы Ақсуат ауданы «Жаңа несіп» колхозының Кезеңшілік деген жерінде 1939 жылы дүниеге келген. 1958 жылы Алматыдағы КАЗПИ-дің тарих-филология факультетіне түсіп, оны 1964 жылы аяқтаған. Болашақ қаламгер өзінің еңбек жолын қарапайым ауыл жұмыстарынан бастаған.

1996 жылы Төкен Ибрагимовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» атағы беріліп, 1998 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. Жұртшылыққа ұлы Абай мұрасы, жалпы қазақ поэзиясы, мәдениеті жайлы зерттеу еңбектері арқылы кеңінен танымал қаламгер «Өлең өрісі» (1979 ж.), 1999 жылы «Оймен оңаша» атты поэзиясы, «Индираға хат», «Толқын толғау» (2001 ж.) монографиясының, «Сағыныш», «Қара бұзау», «Сары құс» әңгімелерінің, «Жаза» операсының либреттосы т.б. екі жүзден астам әдеби-сын, әдеби зерттеу, абайтану еңбектерінің авторы.

Соңғы жаңалықтар