Белгіленбеген жерден пойыздың жолын кесіп өткен ақтөбеліктер айыппұл төледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Теміржол аса қауіпті аймақ» рейді өтті. Себебі, музыка тыңдап келе жатқан ер адам жүрдек пойыздың дауысын естімей қаза болып, тағы бір адам аяғынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі темір жол бойында бүгін рейд жүрді. Себебі, қала тұрғындары темір жолды кез келген жерден кесіп өтуді әдетке айналдырған. «Темір жолды кез келген жерден кесіп өту қауіпті. Құлаққап киіп, жүрдек пойыздың келіп қалғанын көрмеген ер адам оқиға орнында мерт болды. Сондықтан бүгін «Теміржол аса қауіпті аймақ» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Заң бойынша теміржолды белгіленбеген жерден өткені үшін адамдарға айыппұл салынады», - деді Ақтөбе станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің баспасөз инспекторы Роза Төлегенқызы.

Айта кетейік, жыл басынан бері теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 614 адам әкімшілік жазаға тартылды. Олардың әрқайсысы  7 мың теңгеге жуық айыппұл төледі.

null

Соңғы жаңалықтар