Беларусь ЮНЕСКО-ның атқарушы кеңесінің құрамына сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь ЮНЕСКО-ның атқарушы кеңесінің құрамына сайланды, деп хабарлайды БЕЛТА Беларусьтің Франциядағы елшілігіне сілтеме жасап.

Парижде 30 қазанда басталған ЮНЕСКО Бас конференциясының 39-сессиясы 14 қарашаға дейін жалғасады. Беларуське ұйымға мүше мемлекеттердің көпшілігі қолдау көрсеткен. Беларусьтің Франциядағы елшісі, Беларусьтің ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Павел Латушко сайлау алдында сөйлеген сөзінде республикаға материалдық және материалдық емес мұраны, мәдени әралуандылықты сақтау мен насихаттау бойынша мейлінше қолдау көрсетіліп отырғанына, ЮНЕСКО-ның ғылыми бағдарламалары бойынша ынтымақтастыққа ризашылық білдірді. Павел Латушко Атқарушы кеңестің мүшесі бола отырып, Беларусь ЮНЕСКО-ның рөлін арттыру ісіне белсенді қатысуға ниетті екенін тілге тиек етіп, ұйыммен, сондай-ақ оған мүше мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық жасайтынын айтты.

Соңғы жаңалықтар