Беларусь үкіметі ғарыш саласын Қазақстанмен бірлесе игермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь үкіметі Қазақстан үкіметімен бірлесе отырып ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта бірлесе зерттеу және игеру туралы келісімді бекітті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

Келісімге 2017 жылдың 13 тамызында Астанада қол қойылған болатын. Сыртқы істер министріне келісім күшіне енуі үшін қажет Беларусьтегі мемлекетішілік іс-шараларды реттау туралы тапсырма жүктелген.

Аталған келісім Министрлер Кеңесінің 2018 жылдың сәуіріндегі №258 қаулысы негізінде жасалды.

Фото: belta.by

Соңғы жаңалықтар