Беларусьтың Брест облысы Қазақстанмен сауда айналымын $100 млн-нан асырмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьтың Брест облысы Қазақстанмен 2018 жылғы өзара сауда айналымын 100 млн АҚШ долларынан асырмақ. Бұл жайлы бүгін Қазақстанның Брест қаласындағы консулы Елдар Қонаевпен кездесуде Брест облысы атқару комитетінің төрағасы Анатолий Лис мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

«Брест облысы мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы қарқын алып келеді. Былтыр сыртқы сауда көлемі 170%-ке артып, 85 млн АҚШ долларын құрады. Биылғы көрсеткіштер де жаман емес, 2018 жылы кем дегенде 100 млн АҚШ долларына жеткізуге тиіспіз. Өйткені елдеріміз арасында ешқандай кедергі жоқ», - деді Анатолий Лис.

Өз кезегінде Елдар Қонаев та өңіраралық байланыстарды нығайтуға ниетті екенін білдіріп, Брест облысымен Қазақстанның Атырау, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары тығыз қарым-қатынас жасап келе жатқанын тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар