Беларусьте орманда жоғалып кеткен баланы 2 мыңнан астам ерікті іздеп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь елінде бір апта бұрын орманға шығып жоғалып кеткен 10 жасар баланы іздеуге 2 мыңнан астам еріктілер жұмылдырылды, деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі.

Свислочск ауданындағы 10 жасар Максимді іздестіру жұмыстарына демалыс күндері 2 мыңнан астам ерікті атсалысуда. Еріктілер Беларусьтің түрлі өңірлерінен келген. Сонымен қатар, оған жергілікті милиция, ТЖМ арнайы жасағы, авиация, сүңгуірлер, әскерилер, жақын аудандардың қорықшылары да көмектесуде. Олар жақын маңдағы орман ішін, қамыс-батпақты алқаптарды, иесіз қалған хуторларды сүзіп шықты. Бұл маңдағы жыныс орман мен ми батпақ адамдардың көптігіне қарамастан іздеу жұмыстарына қиыншылық тудыруда.
Айта кетерлігі, бала Свислочск ауданындағы орманда 17 қыркүйек күні жоғалып кеткен. Баланың анасы тәртіп сақшыларына ұлының жоғалғанын айтып арызданған. Ұл бала кешке сағат 20.00-дер шамасында велосипедіне мініп  Новый Двор деревниясының жанындағы орманға аттанған. Қазір, жергілікті тәртіп сақшылары орман ішінен велосипедті тапты. 



Соңғы жаңалықтар