Беларусьте 2020 жылы АЭС іске қосылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь атом электр стансасын 2020 жылы жазда іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Беларусь Президенті Александр Лукашенко мен ресейлік «Росатом» атом энергиясы корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевтің кездесуінде талқыланды, деп хабарлады БЕЛТА.

«Біз кеше күні бойы стансада жұмыс істедік, іс жағдайын талқыладық. Егжей-тегжейлі баяндауға әзірміз, - деді Алексей Лихачев. - Біз «Росатомның» барлық стансаны 2020 жылы жазда пайдалануға енгізу міндеттемелерін ескереміз».

«Росатом» бас директоры беларусь тарапын БелАЭС салуға тұрақты көңіл бөлгеніне алғыс білдірді. «Біз мұны сезінеміз. Беларусте, осында жұмыс істейтін біздің құрылысшыларымыз да сезінеді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар