Беларусь Республикасы елшілігінің өкілдері Ақмола облысындағы ҚАИК жұмысымен танысты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысына Қазақстандағы Беларусь Республикасы Елшісінің кеңесшісі Дмитрий Зорин бастаған бір топ беларустық іскер азаматтар келді.

Беларустықтардың өңірге сапарының басты мақсаты Еуразиялық экономикалық кеңес аясында құрылған «Ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникаларының Қазақстан-Беларусь индустриалды-технологиялық паркі» инвестициялық жобасын жүзеге асыру барысымен танысу және алдағы жоспарларын талқылау болып отыр.

Еске сала кетейік, Еуразиялық экономикалық кеңес аясында құрылған «Ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникаларының Қазақстан-Беларусь индустриалды-технологиялық паркі» инвестициялық жобасы 2012 жылы қолға алынды. Мұндағы мақсат Беларусь елінің коммуналдық және ауыл шаруашылығы саласының озық техникаларын елімізде құрастырып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту. Жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру үшін 2014 жылы Беларусь елінің «Минск трактор зауыты» ашық акционерлік қоғамы және отандық «Қазақстан агроинновациялық корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серікестігі бірлесіп, «МТЗ-ҚАИК» серіктестігін құрған болатын.

Беларусьтік компанияның Ақмола облысымен іскерлік байланысы 2010 жылдан бастау алады. Осы аралықта 5 миллион АҚШ долларына 7 түрлі техниканың 500 данасы құрастырылып шығарылды. Шығарылған техникалардың бәрі - отандастарымыз тарапынан сұранысқа ие коммуналдық және ауыл шарушылығы техникалары.

Бірлескен кәсіпорын шығарып жатқан тракторлардың бағасы қолжетімді. Сапасы да техникалық талаптарға сай. Соған орай, кәсіпорын шығарған техника тұтынушылар тарапынан жақсы сұраныс туғызып отыр. Қазір тракторлардан бөлек жүк көліктері мен арнайы мақсаттағы машиналардың да бірнеше түрі шығарылуда.

Жалпы, өңірде аталған индустриялды-технологиялық паркі жобасын жүзеге асыру Ақмола облысы мен Беларусь елінің арасындағы сауда, тауар айналымына оң ықпал жасайды.

«Қазақстан біздің стратегиялық әріптесіміз. Мұнда Беларусь өнімдеріне сұраныс жоғары. Осындағы индустриялды-технологиялық паркі осы бағытта бірлесе істеп жатқан жұмыстарымыздың жемісі. Сондықтан, алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, жұмысшылар санын 230-ға жеткізу көзделген. Бұл екі жаққа тиімді болары сөзсіз»,-деп атап өтті Дмитрий Зорин.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар