Беларусь премьер-министрі Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь премьер-министрі Андрей Кобяков 12-14 тамыз аралығында Қазақстанда жұмыс сапарымен болады, деп хабарлайды БЕЛТА.

Премьер-министрдің баспасөз хатшысы Владислав Сычевичтің хабарлауынша, 13 тамыз, жексенбі күні ол ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевпен кездеседі. Жүздесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастыққа байланысты маңызды мәселелерді талқылап, интеграциялық бірлестік аясында қарым-қатынасты талқылайды. Сондай-ақ, екі елдің үкімет басшылары MadeinBelarus.Astana көрмесінің ашылу салтанаты мен қазақстандық-белорусьтық бизнес-форумға қатысады.

Дәл осы күні Андрей Кобяков «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында Беларусьтың ұлттық күніне байланысты өтетін салтанатты шарада болады.

14 тамызда, яғни дүйсенбі күні Андрей Кобяков Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады. Күн тәртібінде 13 сұрақ көтерілмек. Премьер-министрлерге аталған жиында ЕАЭО-ның сандық тәртібін жүзеге асыру бағытындағы негізгі даярлықтар бойынша атқарылып жатқан жұмыстың баяндамасы оқылатын болады. ЕАЭО аясында тауарлардың бақылау механизмі туралы келісімнің жобасын талқылау жұмысына баса маңыз беріледі. Сондай-ақ, үкімет басшылары интеграциялық бірлестікке мүше елдерде еңбек ететін адамдарды зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша келісімдерді талқылайды.

Жиын барысында бірыңғай электроэнергетикалық нарықты құру мен үйлескен көлік саясатын жүзеге асыру шараларына ерекше ден қойылады. Тараптар ЕАЭО-ның өзге де халықаралық серіктестерімен сауда тәртібін ретке келтіру келісімдері бойынша кеңеседі. Сондай-ақ, премьер-министрлер «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі ЕАЭО-ға мүше елдердің павильондарын аралауды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар