Беларусь елінде өткен халықаралық турнирде қазақстандық каратэшілер жеңімпаз атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық каратэшілер Беларусь елінде каратэден (WKF) өткен ХХІІ халықаралық турнирде табысты өнер көрсетті.

null
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа Украина, Ресей, Эстония, Беларусь, Латвия, Иран, Македония, Грузия және Қазақстан елдерінен 700-дей спортшы қатысып, бақ сынады.

Батысқазақстан Дархан Темірәлиев кадеттер арасында 55 келіде топ жарса, Әлихан Сартаев жасөспірімдер арасында 52 келіде чемпион атанды. Сондай-ақ Әлихан Ақжолов пен Сара Ахметжан халықаралық турнирдің қола жүлдесін иеленді. Жас каратэшілерді Ринат Мерғалиев жаттықтырады.

Айта кетейік, каратэ 2020 жылы Токиода өтетін жазғы олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген болатын. Сондықтан спорттың осы түрінен де ел намысын қорғай алатын саңлақтарды дайындаудың маңызы зор. 

Соңғы жаңалықтар