Беларусь 2019 жылғы Еуропалық ойындарды қабылдайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық олимпиада 2019 жылы Минск қаласында өтеді.

Мұндай шешім Еуропалық олимпиадалық комитеттердің (ЕОК) Бас ассамблеясы барысында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Беларусь 2019 жылғы ІІ Еуропалық ойындарды ең жоғары деңгейде өткізуге дайын. Бұл туралы Беларусь Президенті Александр Лукашенко 21 қазан күні Минскіде Еуропалық олимпиадалық комитеттер Бас ассамблеясының 45-отырысында мәлім етті.

«Беларусь жарыстардың барынша мейірімді, рухани өтуіне және сіздер Еуропалық олимпиаданы Беларусьте өткізу шешіміне ешқашан өкінбес үшін барын салады», - деп атап өтті президент. 

Лукашенко спортты шекарасыз етіп, түрлі трансшекаралық жарыстар ұйымдастыруды ұсынды. Сондай-ақ ол спортшылар мен жанкүйерлердің виза мәселесін шешу және допингпен күрес түйіткілін тілге тиек етті.

Беларусь тарапы сонымен қатар, ЕОК шеңберінде мансаптарын аяқтайтын спортшылар үшін қосымша білім беру жобасын әзірлеуді ұсынды. Өз ісін ашу үшін, әсіресе әңгіме спорт мектептері мен балаларға арналған клубтардың ашылуы турасында болғанда гранттар жүйесін енгізу, ардагер спортшыларға қолдау білдірудің қосымша шарасы бола алады.

Беларусь 2019 жылғы Еуропалық ойындарды ұйымдастыру кезінде осындай жарыстарды өз алаңында қабылдаған Әзербайжанның тәжірибесіне сүйенбек. Бұл туралы Лукашенко Әзербайжан Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті Чингиз Гусейнзадемен болған кездесуінде айтты. 

Соңғы жаңалықтар