Бельгияда жылдың соңына дейін телеграф жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгияда 171 жыл жұмыс істеген телеграф жабылады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі. 29 желтоқсанда бұл жерден соңғы телеграмма жіберілмек.

Мессенджерлер дәуірінде Бельгияда XIX ғасыр технологиясының қазірге дейін қолданылып келгені оғаш көрінуі мүмкін.

Ұлыбританияда 1830 жылдары телеграф жасалып, одан 1982 жылы бас тартқан болатын.
null 

АҚШ-та Британияның ізімен 2006 жылы телеграф хабарламасын тоқтатқан еді. Тіпті, бұрын әлемдегі телеграфты көп қолданушылардың бірі болған Үндістан да 2013 жылы бас тартқан.

Бельгиялық телеграфты соңғы уақытта он шақты компания мен бірнеше жеке тұлғалар қолданған. Олардың басым көпшілігі хабарламаны жөнелту мен алу фактісі заңды түрде жазылатын жүйеге мұқтаж болған жасауылдар болды.

Телеграмманы арнайы нөмірге хабарласып, хабарламаны айтып, оны кейін поштамен жіберетін болған.

Шектеу қойылмаған смс-хабарлама заманында Бельгияда 20 сөзден құралған телеграмманың құны 23 еуро 75 цент (ҰБ бағамымен 9 392 теңге-авт.) (Брюссель мен басқа да қалаларға жіберу үшін қосымша 90 цент) құрайтындықтан, телеграмманың заманауи технологиялармен бәсекелесуі қиынға соққан.

 

Соңғы жаңалықтар