Бельгияда қалың қардың кесірінен 1600 шақырымдық көлік кептелісі туындады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Белгияда дүйсенбі күні қардың қалың түсуі салдарынан көлік кептелісі туындады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

RTBF бельгиялық телерадиокомпаниясының хабарлауынша, Бельгиядағы жолдарда жалпы ұзындығы 1600 шақырым болатын көлік кептелісі туындады. Бұл - өтіп бара жатқан жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Брюссель мен жағалау арасындағы тасжолдардағы  ахуал қиындай түсуде. Бұдан бөлек, ел астанасындағы орамды жолдардағы қозғалыс та күрделенуде.

Қалалық қоғамдық көліктердің жұмысында іркіліс байқалып жатыр. Қардың салдарынан Брюссель әуежайындағы рейстер тоқтатылуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар