Бельгияда ғимарат жарылып, 5 адам зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгияның Антверпен қаласында жарылыс болды. Ғимаратта болған жарылыстан бес адам зардап шекті, деп жазады ТАСС La Libre Belgique басылымына сілтеме жасап.

Полиция таратқан хабарлама қарағанда, оқиға теракт ретінде қарастырылмаған.

«Біз шұғыл қызмет көрсету қажеттілігі үшін  жақын маңдағы көшелерден орындар босатуды сұраймыз», - делінген құқық қорғау органдарының хабарламасында.

Аталған басылым жарылыстан тағы да екі ғимараттың бүлінгені туралы жазды.

Соңғы жаңалықтар