Бельгияда ArcelorMittal зауытында жарылыс болды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгияның Гент қаласында орналасқан ArcelorMittal компаниясының металлургия зауытында жарылыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

RTBF телеарнасы таратқан мәліметтерге қарағанда, төтенше оқиғаға зауыт ішінде болған қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін. Жарылыс болған кезде кокс газ шығарындылары болған, алайда қоршаған ортадан уытты заттар табылмады.

Зауытқа айтарлықтай материалдық шығын келді.

Соңғы жаңалықтар