Бельгия кондитерлері әлемдегі ең ұзын тоқашты пісірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұзындығы 676,6 метр кремді тоқаштың бір түрі - эклерді Вервь қаласының жиырмадан астам кондитері әзірледі.

Оны дайындауға 70 келі өсімдік майы, 2 мың жұмыртқа, 50 келі ұн және 300 литр сүт жұмсалған.
6 мың бөлікке кесілген тоқаш тілімдері қайырымдылық мақсатында сатылады.
Бұған дейінгі әлемдік рекорд 503 метрлік тоқаш - швейцариялық аспаздардың еңбегі болатын. 

Соңғы жаңалықтар