Бекзат Саттархановтың інісі бокс турнирінде жеңімпаз атанды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған 17-ші  халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Үш мемлекеттен 200-ге тарта спортшы қатысқан байрақты бәсекеде боксшылар 15 салмақ дәрежесі бойынша мықтыны анықтады, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыста 5 салмақ дәрежесі бойынша қыздар  да өз бақтарын сынап көрді. Олимпиада чемпионының інісі Бекзат Сейіл де 49 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жас спортшы намысты қолдан бермей, үздік бокшы атанды.

Бір аптаға созылған байрақты бәсеке аса тартысты өтті. Жақсы дайындықпен келіп, шеберлігін танытқан боксшылар  жеңіс тұғырынан көрінді. Оларды  облыстық  дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев пен Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада мектебінің директоры Дәурен Тәңірбергенов марапаттады.


Жарыс жеңімпаздары:

Қыздар арасында

51 кг

І орын  Г. Сақып

57 кг

І орын Л. Есенгелді

60 кг

І орын А. Нұрмаxанбет

75 кг

І орын Б. Асқар

Ұлдар

46 кг

І орын Р. Тәліп

49 кг

І орын Б. Сейіл

52 кг

І орын Ғ. Мырзатаев

56 кг

І орын А. Ержанұлы

60 кг

І орын С. Бегімбаев

64 кг

І орын П. Деменский

69 кг

І орын Н. Райыс

75 кг

І орын Д. Дүйсембаев

81 кг

І орын Б. Таңатар

91 кг

І орын М. Тәжібай

+91 кг

І орын И. Мусаев

Соңғы жаңалықтар