Бекман Сойлыбаев Лас-Вегаста чемпиондық атағын қорғайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, Лас-Вегаста Бекман Сойлыбаев Golden Boy Promotion ұйымдастыратын жекпе-жек кешінде екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC чемпиондық белбеуін қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандасымыздың қарсыласы - мексикалық Фернандо Варгас. Ол осыған дейін 47 жекпе-жек өткізіп, 32-сінде жеңіске жеткен. 21-інде айқасын мерзімінен бұрын аяқтаса, 12-сінде жеңіліп, 3 айқасын тең аяқтаған. Биыл Бекманға дейін үш рет жекпе-жек өткізіп, екеуінде жеңіске жетсе, мамырда өткен соңғы айқасында өзінің отандасы Орасио Гарсиядан жеңіліп қалған.

Ал бұл айқас отандасымыз Бекман Сойлыбаев үшін кәсіпқой бокстағы 12-жекпе-жек болмақ. Ол барлық жекпе-жектерін тек жеңіспен аяқтап келеді.  Оның төртеуінде қарсыласын нокаутқа түсірген.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жекті ESPN телеарнасы арқылы әлемнің 200 елі тамашалайды. Ал отандастарымыз айқасты «Хабар» телеарнасынан тікелей эфир арқылы 20 қазан күні таңғы сағат 7:00-де тамашалай алады.
null

Соңғы жаңалықтар