Бекман Сойлыбаев GGG-дің бұрынғы қарсыласымен бір рингте жұдырықтасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 қазан күні Лас-Вегаста өтетін бокс кешінде бұған дейін бірде-бір мәрте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев кәсіби рингтегі 12-ші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Diamond ring» промоутерлік компаниясына сілтеме жасап.

Бокс әлеміндегі танымал порталдардың бірі boxingscene.com ақпаратына сәйкес, 19 қазандағы ең басты кездесуді орта салмақтың саңлағы Габриэль Росадо (23-11, 13 KOs) мен Глена Тапиа (23-4, 15 KOs) өткізеді. Осы тұста айта кетерлігі, Габриэль Росадо мен Геннадий Головкин 2013 жылы қаңтар айында қолғап түйістірген болатын. Айқастың нәтижесі бойынша, қазақстандық чемпион қарсыласын жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Головкин сол жолы өзінің кәсіби бокстағы 25-ші жеңісіне қол жеткізген еді.

null 

Бокс кешінде сонымен қатар, мексикалық Алехандро Баррера (27-3, 17 KOs) америкалық Кеандре Гибсонмен (17-1-1, 7 KOs) қолғап түйістіреді. Америкалық Франциско Эсперанза (6-0, 2 KOs), Израэль Дуффустың (15-4, 12 KOs) қарсыластары жуық арада анықталмақ. Ал қазақстандық Бекман Сойлыбаев сол кеште Фернандо Варгаспен шаршы алаңға шығады.

null 

Бокс кешінің шымылдығын алты раундтық айқаста екінші жартылай салмақтағы Ренди Морено (9-1, 8 KOs) мен Хесус Агинага (5-5-2) ашады.

null 

Доданың барлығын танымал спорттық телеканал Golden Boy Boxing тікелей эфирде көрсететін болады.

null 

Бұған дейін хабарлағанымыздай , 19 қазан күні Бекман Сойлыбаев өзінің WBC International чемпиондық белбеуін қорғайтын болады. Бекманның қарсыласы - мексикалық Фернандо Варгас. Кәсіпқой шаршы алаңда 47 айқас өткізген 29 жастағы Варгас, соның 32-сінде жеңіске жеткен, үш жекпе-жегі тең аяқталған. Кәсіпқой бокспен 2006 жылдан бері  айналысып келеді. Өз кезегінде кәсіпқой бокста 11 айқас өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған жерлесіміз екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International чемпиондық белбеуінің иегері. Бүгінде Бекман Сойлыбаев Лос-Анджелесте белгілі маман Эрик Браунның қарамағында жаттығып жүр.

null 

Соңғы жаңалықтар