Бекман Сойлыбаев Boxrec рейтингінде жоғарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 қазан күні чемпиондық титулын қорғап қалған WBC нұсқасы бойынша континентаралық чемпион Бекман Сойлыбаев (12-0, 4 КО) Boxrec кәсіпқой боксшылар рейтингінің онлайн-базасында жоғарылады, деп хабарлайды diamondring.kz.

Қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой рингте 12 рет қатарынан жеңіске жеткеннен кейін танымал boxrec.com веб-сайтында 58,967 келіге дейінгі (немесе 130 фунт) екінші жартылай орта салмақта ТОП-50 қатарына кірді.

Айта кетейік, қазір Сойлыбаевтың қоржынында 58 ұпай бар, бұған дейін жерлесіміздің еншісінде 41 ұпай болған еді.

Еске салып өтейік, екі күн бұрын Бекман Сойлыбаев Лас-Вегастағы атақты Monte Carlo Resort and Casino казино-отелінде мексикалық Фернандо Варгасты (32-12-3, 21КО) төрешілердің шешімімен тізе бүктірген болатын. 

Соңғы жаңалықтар