BBC арнасында қазақтар түскен фильм көрсетіліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық актерлер Ерден Телемісов, Мұрат Мұқашев пен Нұркен Тұматаев өздерінің BBC 1 арнасындағы McMafia фильмінде қалай түсіп жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 қаңтардан бастап шетелдік арнада ағылшын-америкалық BBC және AMC арналары бірігіп түсірген сериал көрсетіліп жатыр.

Кино британ журналисі Миша Гленнидің 2008 жылы шыққан «МакМафия: Ұйымдасқан қылмыс» кітабының желісімен түсірілген.

Қазақстандықтар үшін бұл премьераның рөлі ерекше. Себебі сериалда мафиоздың рөлін қазақтар сомдап жатыр.

Тимурдың рөліндегі актер Ерден Телемісовтің айтуынша, Қазақстанда кастинг болмаған. Өткен жылдың қарашасында Ерденге белгілі скрипкашы Мұрат Бисенғалиев хабарласқан.

Мұраттың қызы Арухан Ғалиеваға McMafia жобасының кастинг директоры азиат нәсілді үш актер тауып беруін сұраған.

Продакшн студиядағылар Телемісовпен кездескен соң одан тағы 2 бандит тауып беруін сұраған.

Осылайша британ сериалына Мұрат Мұқашев пен Нұркен Тұматаев түсетін болды.

«Нұркен бұрын киноға түсіп көрмеген, жарнамаларда ғана ойнаған. Мұрат екеуміздің видеоларымызды көріп отырып, олар кадрдағы Нұркенді де шақыртты. Алғашында сценарийді ағылшынша жіберді. Кейін орысша жіберді», - деді Ерден Телемісов.

Қазақстандық актерлер сомдаған кейіпкерлер сериалдың бірінші сериясында бой көрсетеді. Үшінші серияда олардың бірі ғана қалады.

«Ұлыбританияда түсірім процесі өте жоғары жауапкершілікпен өтеді. Өзге елдің актерлерінің дайындығын көрдік. Мәселен, Алекс Голдманды сомдаған Джеймс Нортон қуғыннан кейін түсетін сценаларында 20 минуттай жаттығу жасады, көзіне арнайы тамшылар тамызды.  Соның арқасында кадрда шынайы шаршаған адам болып көрінді», - деп еске алды Мұрат Мұқашев.

«Күнтізбелік жоспарда әр минутқа дейін алдын ала  ұйымдастырылды. Түсірілім алдында актерлер алдымен режиссердің алдында, түсірілім тобының алдында ойнап көрсетеді. Сосын әріптестері кемшіліктерін айтқан соң ғана мотор қосылады», - деді Ерден Телемісов.

Лондонда өткен 26 күннің 5 күні ғана түсірілім жұмыстарына арналды.

«Жарықпен жұмыс жасау технологиялары таң қалдырды. Нортонмен танысу туралы сцена жүріп жатқан кезде тек 1 ғана құрал болды. Қалған обьективтерге жарықты бәсеңдететін фильтрлар қойылды», - деді актер.

Соңғы жаңалықтар