«Бәйтерек» Қорғаста қойма құрылысын қаржыландырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» холдингі «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы қойма орынжайларының құрылысын қаржыландырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бәйтерек» холдингі «Қазақстан темір жолы» АҚ-ымен және оның еншілес ұйымы «ҚТЖ-Экспресс» АҚ, «Verno Capital» инвестициялық қоры және «PNK Group» девелоперлік компаниясымен бірлесе отырып, заманауи қойма орынжайларын салу жобасын іске қосты», - делінген холдинг таратқан ақпаратта.

Қоймалар «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы аумағына орналастырылады. Жобаны «Бәйтерек» холдингі өзінің еншілес ұйымы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ құрған Қазақстанның инфрақұрылымдық қоры арқылы қаржыландырады.

«Қазақстан дамуының негізгі институты болып табылатын «Бәйтерек» холдингі елдің инфрақұрылымдық әлеуетін «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатымен түйісетін шетелдік балама жобаларды да қолдауға дайын», - деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әріпханов.

Оның айтуынша, «Бәйтерек» холдингінің шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимылының инвестициялық, сауда, инновациялық және энергетика салаларында болашағы зор. Холдинг стратегиялық инвестициялық әріптестікті ұлғайтуға және өзара қызығушылық танытқан жобаларды қаржыландыру бағытын жалғастыра бермек.

Соңғы жаңалықтар