Байқоңырдың ұшу алаңына «Союз МС-02» кемесі бар «Союз-ФГ» зымыраны орнатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 қазан күні Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылатын «Союз МС-02» транспорт кемесі бар «Союз-ФГ» зымыраны Байқоңырдың ұшу алаңына орнатылды, деп хабарлады ҚазАқпарт «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Он алтыншы қазан күні «Союз МС-02» көліктік басқарылатын кемесімен бірге «Союз-ФГ» тасығыш-зымыраны Байқоңыр айлағының №31 ұшу алаңына шығарылды және ұшыру қондырғысына орнатылды», делінген хабарламада.

Ресей зымыран-ғарыш саласындағы кәсіпорындардың алдыңғы топтары радиожүйелер жұмысын тексеру, сандық ақпарат ауқымын тестілік құрау және экипажды автоматты құтқару жүйесін тестілеу сынды жұмыстарға кірісіп кетті.
17 қазан күні ғарыш зымыраны толық сынақтан өткізіледі, 18 қазан күні халықаралық ғарыш станциясына 49/50 экспедиция экипажының негізгі құрамын бекітілетін мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді, деп хабарлады РИА Новости.

Бұған дейін «Союз МС-02» (№732) басқарылатын кемесінің техникалық ақауларын жөндеу жұмыстары туралы материалдарды мемлекеттік комиссияның қарағаны және ХҒС ұшыру мерзімін 19 қазанға, Мәскеу уақытымен 11:05-ке белгілегені хабарланған еді. Кеме экипажының негізгі құрамында Роскосмос ғарышкерлері Сергей Рыжиков пен Андрей Борисенко

және НАСА астронавты Роберт Шейн Кимброу бар. Дублёрлер - ресейлік ғарышкерлер Александр Мисуркин мен Николай Тихонов және НАСА астронавты Марк Ванде Хай.

Соңғы жаңалықтар