Байқоңырдың гимніне жарияланған байқау нәтижесіз аяқталды

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласының гимніне жарияланған байқау комиссиясы ұсынылған алты музыкалық композицияның ешқайсысын бекітпеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұрын байқаудың бастапқы кезеңінде Байқоңыр қаласының болашақ гимніне жазылған мәтін таңдалып, оған тек музыка жазу ғана қалды деп хабар берілген. Байқоңырдың 1998 жылы және 2001 жылы қабылданған гербі мен туы да осындай конкурстар арқылы іріктеп алынған еді.

2017 жылғы 4 қазанда ұшырылған Жердің тұңғыш жасанды серігінің 60 жылдығына арналған салтанатта байқоңырлықтар қаланың арнайы гимнін шырқауды жоспарлаған. Қаланың мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасы Байқоңырдың гимніне жазылған шығармалар байқауын қайта ұйымдастыру туралы арнайы хабарлайтынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар