Байқоңырдан «Союз МС-08» кемесі ұшырылады

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағына Халықаралық ғарыш стансысына аттанатын кезекті экспедицияның мүшелері келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



5 наурыз күні «Союз МС-08» көліктік басқарылатын кемесінің негізгі және қосалқы мүшелері ұшырылым алдындағы даярлыққа кіріседі.

Негізгі экипаждың құрамында кеме командирі, «Роскосмос» ғарышкері Олег Артемьев; бортинженерлер,  NASA астронавтары Эндрю Фойстел мен  Ричард Арнольд бар. Қосалқы құрам: космонавт Алексей Овчинин мен NASA астронавты Ник Хейг.

Ұзақмерзімді экспедицияның «Союз МС-08» кемесімен Халықаралық ғарыш стансысына ұшырылымы 2018 жылдың 21 наурызына белгіленген.

 

Соңғы жаңалықтар