Байқоңырдан ХҒС-на «Союз МС-08М» ғарыш кемесі ұшырылды

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 21 наурызы күні Астана уақыты бойынша 23 сағат 44 минутта Байқоңыр космодромынан транспорттық ұшыру кемесімен (ТҰК) бірге «Союз-ФГ» зымыран тасығышы ұшты. Аталмыш кеме бортында ұзақ уақытқа бағытталған экспедиция мүшелері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) «Союз МС-08» ғарыш кемесінің экипажы аттанды. Экипаж құрамында кеме командирі, Роскосмос ғарышкері Олег Артемьев, ТҰК бортинженерлері, NASA астронавтары Эндрю Фойстел мен Ричард Арнольд бар.

Кеменің Байқоңырдан ұшу сәтін Ресейдің «Россия-24» телеарнасы тікелей эфир арқылы таратты, сонымен қатар Роскосмостың сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланды.

Байқоңыр ғарыш стансасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшыру штаттық режимде өтті. Зымыран тасығыштың, «Союз МС-08» кемесінің үшінші сатыдан бөлінуі жоспарланған мерзімде өтті.

Ғарыш кемесі Жердің жасанды спутнигінің орбитасына шығарылды.

«Союз МС-08» кемесінің ХҒС-мен түйісуі екі тәуліктен кейін жүзеге асады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар