Байқоңырдан ғарыш кемесінің ұшырылуы тікелей эфирден көрсетіледі

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-08» көліктік жүк кемесі 15 минуттан кейін ұшырылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі

Байқоңыр ғарыш айлағындағы №31 алаңнан ұшыру сәті Роскосмос сайтында тікелей эфирден көрсетіледі. Ғарыш айлағындағы ауа райы - 12 градустан төмен.

«Прогресс МС-08» КЖК Халықаралық ғарыш станциясына 1390 келі құрғақ жүкті, 890 келі отынды, 420 келі суды, сондай-ақ 46 келі сығылған ауа мен баллондағы оттегіні жеткізуі тиіс.

«Прогресс МС-08» КЖК-ны ұшыру 11 ақпан күні Астана уақытымен 14 сағат 58 минут 45 секундқа жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар