Байқоңырда ғарышкер әйел туралы фильм түсіріліп жатыр

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңырда «Тандем продакшн» ресейлік кинокомпаниясы мен «Дхарамсала» француз кинокомпаниясының түсірілімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқоңыр қаласы әкімшілігі баспасөз қызметі басшысының айтуынша,  кинокомпания өкілдері бір апта бойы «Байқоңыр» ғарыш кешенінде жұмыс істеген.

«PROXIMA» жұмыс атауы берілген фильмге «Казино Рояль» киносындағы рөлдері арқылы танымал болған  француз актрисасы Ева Грин, сондай-ақ оның америкалық әріптесі Мэтт Диллон түсіп жатыр.
null 

Режиссер Элис Винокурдің жаңа картинасы ғарышкерлерге арналады. Ева Грин ғарышкер әйелдің рөлін сомдамақ.

Белгілі болғандай, фильмнің түсірілімі Мәскеу маңындағы Звездный қалашығында өткен. Кейіпкер ол жерде ұшуға дайындық жұмыстарын жүргізіп, кішкентай қызымен ұзақ уақытқа айырылысуға өзін-өзі іштей дайындайды.
null

«Бұл «өз өмірінен де маңызды мақсат үшін қорқыныш пен ауруды жеңу туралы оқиға» болмақ», - деп келтіреді БАҚ режиссердің сөзін.
null 

Соңғы жаңалықтар