Байқоңыр Наурыз мейрамын атап өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Ұлыстың ұлы күнін мерекелеу жалғасуда. 

Жұлдызды қалашықтың тұрғындары биылғы жылы да Наурыз мерекесін жоғары деңгейде атап өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі Қармақшы аудандық әкімдігіне сілтеме жасап.

Орталық алаңда киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.  Мерекелік шараға аудан әкімі Сұлтан Мақашов, Байқоңыр қаласы əкімшілігінің басшысы Анатолий Петренко арнайы қатысып, қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. Мұнан кейін меймандар орталық алаңда ұйымдастырылған мерекелік түрлі шараларды тамашалады.

Бұл күні қала тұрғындары алдағы молшылықтың бастауы бүгінгі күнгі татулықта, ынтымақ пен бірлікте, бауырмалдықта, еңбекқорлықта екенін атап өтіп, бір-біріне ізгі тілектерін білдіре, бір күлшені бөліп жеді. Наурыз көжесін таусып ішіп, «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» деп бата жасады.

null

null

null

Соңғы жаңалықтар