«Байқоңыр» ғарыш айлағына туристік жолдама жарты миллион теңге тұрады

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресейдің құзырлы органдары «Байқоңыр» ғарыш кешенінде туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша бағдарламаны әзірлеп, бекіткелі бері екі елдің туроператорлары «Байқоңырда» болып қайтуға ресми түрде шақыра бастады.

Мысалға, «авиациялық-ғарыш туризмінің жетекші туроператоры» саналатын ресейлік компания 2017 жылдың 20 ақпанына белгіленген «Союз» басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылымын өз көзімен көруге өтінімдерді қабылдауды бастады.

Стандартты екі орындық номерге билет құны бір адамға 95 мың рубльді құрайды, қазақстандық валютамен есептегенде - 500 мың теңге.

«Байқоңырдан басқарылатын ғарыш кемелерінің ұшырылымына турларды ұйымдастырып жүргенімізге көп болды. Біздің туристер жылына төрт рет аталмыш турларға қатысуға мүмкіндік алады. Осы уақытқа дейін «Байқоңырдағы» турларға әлемнің барлық жерінен 150 адам қатысты. Бүгінгі күні ресейлік космонавтиканы насихаттауды белсенді жалғастырудамыз және ғарыш туризмін дамыту үшін барынша күш-жігер салып келеміз», - деп мәлімдеді туроператор.

Туристерге «Байқоңыр» ғарыш айлағына төрт және алты күндік турлар ұсынылуда. Олар ұшырылым алаңында, музейде болып, ғарыш кемесінің ұшырылымын бақылауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ режімді нысанның барлық ережелерін қатаң сақтай отырып, Байқоңыр қаласы бойынша саяхаттайды.

 

Соңғы жаңалықтар