Байбек зообақта көлеңкелі кәсіп «көркейіп» тұрғанын айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қаладағы хайуанттар бағында көлегейлі кәсіп «көркейіп» тұрғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зообақ мәселесі бүгін ғана басталған жоқ. Оны қамтамасыз ету бұл - үлкен шаруа, оған мамандар, қаржы керек. Әртүрлі директорлар болды. Есімде, біреуі келіп хайуанттарды қалай сүйіп, аялайтынын айтып, ішімізді жылытып кеткен. Анықтасақ, ондағы жан-жануарлар тойып қоректенбейді екен, ақшасын ұрлаған. Онда аңдарға бөлінгенді ғана емес, оларды да сататын да көлегейлі кәсіп бар екен», - деді қала әкім Бауыржан Байбек 2016 жылғы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылау жиынында.

Сонымен қатар, шаһар басшысы хайуанттар бағына бөлінген қаржының жеткілікті екенін, жеке меншікке берілмейтінін айтты.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 23 желтоқсанында Алматы хайуанттар бағына жаңа басшы болып Ержан Еркінбаев тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар