Байбек жеке инвестицияларға салынатын жобалармен танысып шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Қала құрылысы кеңесі 40 млрд. теңге сомасындағы жеке инвестициялар есебінен салынатын бірқатар жобаны мақұлдады.

Олардың жүзеге асырылуы құрылыс кезеңінде 2 мың жұмыс орнын және нысандар іске қосылғаннан кейін тағы осыншама вакансияны ашуға мүмкіндік береді. Жалпы, 100 мың шаршы метр тұрғын аумақ салынатын болады.

Қала құрылысы кеңесінің отырысы шаһар әкімі Бауыржан Байбектің төрағалығымен өтті. Әкімнің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, барлығы 7 жоба мақұлданды.

Мәселен, Алатау ауданында 4 гектар аумақта «MIZAM» сауда-логистикалық көтерме-бөлшектік азық-түлік орталығы бой көтермек. Ол Париждегі Rungis ауылшаруашылық өнімдерінің көтерме сауда нарығының үлгісі бойынша жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ, Медеу ауданында ғылыми-зерттеу институтының ғимаратын салу жобасы қаралды. Ғимараттың құрылысына энергоүнемдейтін технологиялар мен экологиялық материалдар пайдаланылмақ. Тапсырыс берушінің инвестициясы 3 млрд. теңгені құрайды.

Медеу ауданында сонымен қатар, музыкалық арт-орталық пайда болады. Жоба бойынша жарық өткізетін және күннен қорғайтын конструкцияларды қолдану көзделген. Онда 14 музыкалық сынып, акт залы, дыбыс жазатын, фото және видео, хореографиялық студиялар қарастырылған.

Бұдан бөлек, қаланың екі ауданында үш тұрғын үй кешенінің құрылыс жобалары қарастырылды. Тағы екі тұрғын үй Медеу ауданында бой көтермек. 

Соңғы жаңалықтар