Баянауыл ұлттық саябағының тарихи орындары бойынша туристік карта жасалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат  -  Ресей мен Қазақстаннан 15 квадроциклшы Баянауыл ұлттық саябағының қызықты да көрікті тарихи орындарын аралап қайтты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Баянауылдың әлемге танылуының себебін өз көздерімен көріп қайту үшін Павлодар облысына Павлодардан, Астанадан, Өскемен мен Барнауылдан квадроциклмен экстремалды туризмді ұнататындар жиналды.  Олардың барлығы квадроциклдармен, қарда жүретін көліктермен саяхаттаушылар клубтарында тіркелген және Қазақстан мен Ресейдің көптеген қызықты орындарында болған.

Квадроциклшылар павлодарлықтармен бірге қазақ киносының негізін қалаған Шәкен Аймановтың туған жеріне, Шона би мен ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  қыстақтарына, сондай-ақ аты аңызға айналған  Кемпіртас жартасына барды. 
1 

Саяхат Мәдениет қызметкерлері күніне арналды. Сондықтан оған Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов та қатысты.

Экспедиция Торайғыр ауылында да болды. Мұнда Қазақстандағы энергетикалық ғылымның негізін қалаушы  Шафик Шокин дүниеге келген. Шокин - техникалық ғылымдар докторы, профессор, ҚазКСР Ғылым академиясының академигі.
33333 

Қонақтар Жасыбай көліндегі Абылайхан ордасына барды. Экспедициядан одан әрі 1915 жылы Баянауыл ауданында туған академик Ермахан Бекмахановтың туған жеріне аттанды. Бекмаханов - белгілі ғалым-тарихшы, Қазақстанның тарихи ғылымдарының тұңғыш докторы, профессор, академик.

Жасыбай көлінің орталық жағажайында экспедиция қатысушыларына жазғы маусымда ұйымдастырылатын спорттық және өзге де шаралар жайында әңгімеленді. Ол жерден қонақтар жоңғарларға қарсы шайқасқан, аты аңызға айналған қазақ батыры Жасыбайдың бейіт басына барды.
4 

Саяхат Сабындыкөл III қорымы жанында аяқталды.

Экспедиция маршруты бойынша туристік карта жасалды. Ендігіде барлық ниет білдірушілер Баянауыл ауданының тарихи, археологиялық орындарына жаяу және ат үстінде саяхатқа шыға алады. 

5 

Соңғы жаңалықтар