Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 330.29
EUR 387.27
RUB 5.56
CNY 49.80

Баянауыл паркінде құр атқан браконьерлер ұсталды

Баянауыл паркінде құр атқан браконьерлер ұсталды
2017 жылғы 15 қараша 11:59 330

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық табиғи паркінде құр атқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облысының ІІД-нің сілтеме жасап.

«Рейд барысында «Сапсан» республикалық жедел отряды тәртіп сақшыларымен бірге Күркелі ауылдық округінің орманды алқабынан УАЗ маркалы көлікті көріп қалып, тоқтатқан. Көлік 42 жастағы ауыл тұрғыны басқарған. Салонда одан бөлек тағы екі адам болған. Тексеру кезінде көліктен атылған жабайы құр, ИЖ маркалы 12 калибрлі тіркелмеген қару және 32 оқ, бүктелетін пышақтың бары анықталған», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 187-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айта кетсек, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, еліміздің қорғалатын табиғи аумақтардың бірі. Ұлттық паркте құстардың 50-ден астам түрі мен аңның 40 түрі бар. Парк аумағында арқар, елік және тиін аңдарымен бірге, бүркіт, аққу сияқты сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар құстар мекендейді.

 

 

Басты сөздер: ҚР ІІМ, Павлодар облысы, Қылмыспен күрес,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер