Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 330.29
EUR 387.27
RUB 5.56
CNY 49.80

Баянауыл ауданының туристік кластерін дамытуға 3 млрд теңге бөлінген - Павлодар облысы

Баянауыл ауданының туристік кластерін дамытуға 3 млрд теңге бөлінген - Павлодар облысы
2017 жылғы 20 маусым 22:18 1109

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Баянауыл ауданының туристік кластерін дамытуға 3 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Бұл туралы Павлодар облысындағы туризмді дамыту мәселелерін қаузаған брифинг барысында Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Әділхан Әбеуов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Бұл сомаға Торайғыр, Сабындыкөл, Жасыбай көлдерінің аумағындағы жолдарды жөндеу, жарықтандыру жүйесін құру, жағажайды көріктендіру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, Торайғыр мен Жасыбай арасындағы жолды жөндеудің конкурсы басталып, 1 ай аралығында жаңа асфальт төселмек.  - Баянауылдағы туристік орындар саяхатшыларға Түркиядан да артық қызмет көрсетпек. Біздің аудандағы туристік әлеуетке он балдық шкала бойынша 8-9 балл қояр едім. Осы орайда Баянауылды жазғы ғана емес, қысқы демалыс аймағына айналдыру жоспарда бар. Мырзашоқыда арқан жолын орнатып, биылғы қысқа дейін қолданысқа береміз. Мемлекет өз тарапынан инфрақұрылымды жүргізеді, ал инвесторлар сервистік қызметті өз мойнына алады. Сондай-ақ, Сабындыкөлдің аумағын дамытуға инвесторлар қажет, - деді Ә.Әбеуов.

 Әкімнің орынбасары Баянауылдағы туризмнің басты проблемаларын да атады. Олар - республикалық маңыздағы жолдардың жөндеу көрмеуі, инфрақұрылымның нашарлығы, қоғамдық тамақтану орындарын ұйымдастырудың кемшіліктері. Облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары Оксана Давыденконың айтуынша, Баянауылдан бөлек Тұзақала, Шалдай, Маралды көліне және Ертіс өзеніне туристерді тарту бойынша жұмыстар атқарылуда. 

 

Басты сөздер: Павлодар облысы, Туризм, Қаржы,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер