Баян Мақсатқызы жалқаулар мен масылдарға пост арнады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы өзінің Instagram парақшасында жалқауларға және масылдарға кеңес берді.

«Табыс та махаббат тәрізді, ешқандай ақшаға сатылмайды. Әйтпесе мен табысқа баяғыда жетер едім. Бақытыма орай, маған көп жұмыс істеуге тура келді. Ақшаның күші - махабаттың күші секілді түрлі мүмкіндіктерге жол ашады. Мен көңіл-күйді, сүйікті жұмысымдағы құмарлықты, жаңа әсерлерді, идеяларымды сатып аламын. Бірақ, сатып алу үшін де жылдар бойы жұмыс істедім, қауіп-қатерге бас тіктім, еңбектендім. Менің табысымды аспаннан түскен сәттілікпен салыстыратындарға айтарым, айнаға қарап, өзіңізден осының барлығын мен істей алдым ба, істесеңіз кімнің есебінен деп сұраңыз», - деп жазды жұлдыз.

Баян Мақсатқызы өзгенің өміріне араласпай, өз айналасына көз жүгіртуге кеңес берді.

«Табысты әйелдің артында ер адамның тұруы міндетті емес, әйелдің өзі-ақ табысқа қол жеткізе алады. Шамасы Сіздер мұны түсінбейтін сияқтысыздар. Жалқауларға және масылдарға арналады!!!», - деді Баян.

Бұған дейін Баян Есентаеваның Facebook аккаунтында фамилиясы Мұхитденова, Instagram-да Баян Мақсатқызы болып тіркелгені хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар