Баян Мақсатқызы тұрмысқа шыққалы жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық продюсер, тележүргізуші және әртіс Баян Мақсатқызы тұрмысқа шыққалы жатыр. Оның болашақ жары алматылық кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов Баянға ұсыныс жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оның ұсынысын қабыл алдым», - деп жазды Баян Мақсатқызы өзінің Instagram-дағы парақшасында .

Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ беттерінде Алагөзов деген азамат Баянның жаңа сүйіктісі екендігі жайлы хабар тараған. Олар 2016 жылы танысқан көрінеді.

17 қаңтар күні ол Instagram-да өзінің Баянмен түскен суреттерін жариялап,  «Ол менің өмірімді өзгертіп жіберді» деп жазған болатын. 

Соңғы жаңалықтар