Баян Мақсатқызы Есентаева болып қала бермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Отбасылық оқиғадан кейін әлеуметтік желілердегі аккаунтында аты-жөнін Баян Мақсатқызына ауыстырған продюсер ресми түрдегі тегін өзгертпейді.

Бұл туралы ол блогер Элвира Ерғалиеваға берген сұхбатында айтқан.

Блогердің Фейсбуктағы парақшасында Баян Мақсатқызымен болған видеосұхбат жарияланды. «Баян Мақсатқызы, жоқ, Баян Есентаева күйеуін кешіріп, əйелдердің құқығын қорғайтын ұйым ашу туралы идеясын ұмытып кеткен жоқ. Əлі қолға алады. Айтпақшы, Баян ханым фамилиясын ауыстырмайды, "Есентай продакшн" да атын ауыстырмайды», - деп жазды Ерғалиева өз парақшасына.

Бейнесұхбатта Баян Мақсатқызы өзін өлімші етіп сабаған күйеуін кешіру шешімін қалай қабылдағанын айтып берді.
«Шешім қабылдау өте қиынға соқты. Себебі арамызда балалар бар. Мен онымен 22 жыл бірге өмір сүрдім. Мұның бәрін сызып тастай алмадым. Өйткені ол жақсы күйеу, жақсы әке болды. Меніңше, Алла да кешіреді. Біз кімбіз? Түйіршіктер ғанамыз. Сондықтан, кешіру - бұл адамның қалыпты шешімі. Тартыспен, негативпен өмір сүргім келмейді. Сондықтан мен оны кешірдім», - деді продюсер.

Баян Мақсатқызы Бақытбек Есентаевпен сөйлесіп, мүмкіндігінше онымен дос болып қалғысы келетінін айтқан. Оның пайымынша, бұрынғы күйеуі істеген ісіне қатты өкінеді. «Оның абақтыда отырғанына төрт ай болды. Меніңше, түрмеде бір күн отырудың өзі қиын», - дейді ол.

Сондай-ақ тележұлдыз күйеуін кешіру туралы шешімін көптеген адамдар қолдамайтынын білетінін және бұл шешімді өзгертпейтінін айтты.

«Меннен үлгі алғанды ешқашан қаламайтынмын. Мен қарапайым адаммын. Мұндай шешім қабылдап жатқанда адамдардың пікірлеріне сүйенгенім жоқ. Себебі бұл менің отбасым, менің қарым-қатынастарым. Және экранның ар жағындағы ешбір адам менің өміріммен өмір сүрмейді», - деп түйді.

Соңғы жаңалықтар