Баян Мақсатқызы Астанада кітабының тұсаукесерін өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы «Баян: Обо мне и не только» атты кітабының тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Автордың айтуынша, кітап жазу айтарлықтай оңайға түспеген. Сондықтан келесі жолы кітап жазып шығаруды продюсер ойлап отырмаған көрінеді.

«Мен қаншама мəрте сұхбат берсем де көпшілік мені түсінбеді. Сол себепті кітап жазуға бел будым. Алдағы 20 жылда немесе тіпті 30 жылда кітап жазбасым анық. Өйткені мен жазушы емеспін, ал бұл тек биография. Мен шаршадым. Эмоционалдық тұрғыда да шаршадым», - дейді ол.

Оның айтуынша, кітап арқылы автор көпшілік қойған сұрақтарға жауап бермек болған.

 «Менің басымнан не өткенін білгісі келуі үшін көп адам кітапты соңынан бастап оқи бастады. Бірақ мен бұл тарауды көп жазбай бар-жоғы 20-30 бет арнадым. Мен соңғы 2-3 жылда есімде қалғанның бəрін жаздым», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар