Баян Есентаева сотқа бұрынғы күйеуінің үкімін қайта қарау туралы өтінім берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал тележүргізуші және продюсер Баян Есентаева Жоғарғы Сотқа бұрынғы күйеуінің үкімін қайта қарау туралы өтінім берді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Жоғарғы Соттан хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына сотталушы Бақытбек Есентаевтың қорғаушысынан және зардап шегуші Баян Есентаевадан кассациялық режимде сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат келіп түсті. Өтінішті алдын ала қарау мерзімі қылмыстық іс сотқа түскеннен кейін анықталады», - деп хабарлады Жоғарғы Сот.

Еске сала кетсек, өткен жылы маусым айында Бақытбек Есентаев өз әйелі Баян Есентаеваға бірнеше рет пышақтаған болатын. Ол Талғар ауруханасына ауыр халде жеткізілді. Бақытбек Есентаев адам өлтіруге оқталу бабымен айыпты деп танылды, бірақ зорлық-зомбылық баптары бойынша ақталды. Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Бақытбек Есентаевқа қатаң режімдегі колонияда 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім тағайындаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар