Баян Есентаева: Менің денсаулығыма әлі де күтім керек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Продюсер Баян Есентаева ем қабылдау үшін Үндістанға барды. Бұл туралы ол Инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Дәрігерден дәрігер қоймай қаралып жүрмін, бүгінгі менің жағдайым осы. Қазір Үндістан астанасындамыз. Денсаулығыма әлі де күтім керек. Делиде толық тексерілуден өтем деп шештім. Неге? 3,5 жарым сағат тікелей рейспен ұшып келдім, барлығын қосқанда check-up 550 $. Салыстырмалы түрде айтқанда былтыр, Кореяда 5 есе артық төлегенмін. Дәрігерлер - АҚШ пен Британияда білім алып, жұмыс істеген білікті мамандар», деп жазды ол өз парақшасында.

null  

Баян Есентаева парақшасында дизайнер Аида Кауменовамен бірге зерттеу институтында түскен суретін жариялады.

Еске сала кетейік, Баян Есентаеваны 10 маусымда күйеуі Бахытбек Есентаев соққыға жыққан болатын. 

Соңғы жаңалықтар